Алматы облысында қамыстың жануын жою туралы ақпарат

Алматы облысында қамыстың жануын жою туралы ақпарат

Өрт сөндірушілер мен жергілікті атқарушы органдардың бірлескен күшімен Іле-Балқаш резерватынының аумағында орын алған  (кішігірім аралдарда және кірме жолдары жоқ жетуі қиын батпақты жерлерде) өрттің жану аумағы 100 га.дейін азайтылды.

ТЖД және "Іле-Балқаш" МҰБ" РММ күштерімен қол шанц құралдары мен мотопомпаларды пайдалана отырып, жаяу жүре отырып 5-кварталда өрт сөндіру жүргізілуде. Сондай-ақ, Бақанас орман шаруашылығы учаскелерінде өрттің өтуін болдырмау үшін орман шаруашылығы күштерімен жер жырту жүргізілуде. Елді мекендерге қауіп жоқ.

2023 жылғы 28 маусымда сағат 13-40 сағаттан бастап табиғи өртті сөндіру үшін "Қазавиақұтқару" АҚ МИ-872 тікұшағы жұмылдырылды. Қазіргі уақытта көлемі 21 тонна 7 су ағызу жүзеге асырылды. 

Өрт ошақтарын сөндіруге ТЖД және "Іле-Балқаш" МҰБ" РММ 70-ке жуық қызметкер және 34 бірлік техника жұмылдырылды. 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі