Өскемендегі құрғақ шөп өрті оқшауланды

Өскемендегі  құрғақ шөп өрті оқшауланды

2023 жылғы 27 маусымда сағат 18.30-да Өскемен қаласының шығыс бөлігінде Глубокое ауданының Өскемен орман шаруашылығының Комсомол орманшылығында  құрғақ шөп өрті оқшауланды.

8 м/с дейін соққан желдің қатты екпіні  құрғақ өсімдіктерге отты әп-сәтте найзағай жылдамдығымен таратты. ШҚО әуе бөлімшесінің Ми-8 тікұшағы өрт сөндірушілерге өртті сөндіруге көмектесу үшін су төгетін құрылғымен жіберілді.

«Өрттің бір себебі адам факторы болуы мүмкін - өртті абайсыз пайдалану. Бағыты өзгерген қатты желдің әсерінен өрт гектардан гектарға дейін өршіді. Түтін қаланың айналасын басып, күйік  иісі сезілді. ШҚО әуе бөлімшесінің су төгетін құрылғысы бар тікұшақты тарту туралы шешім қабылданды. Тікұшақтан өрт ошақтарына 7 рет су төгілді, бұл таралып келе жатқан өрттің  жиегін тоқтатуға көмектесті.  Одан кейін өрт сөндірушілер жергілікті атқарушы органдармен және орманшылармен бірлесіп, қалған түтін нүктелерін аспалы өрт сөндіргіштер мен хлопушкалардың  көмегімен сөндіруді жалғастырды»,- деді ШҚО ТЖД Өрт сөндіру және авариялық - құтқару жұмыстары қызметінің бастығы Айдос Нүсіпбаев.

Өртті сөндіруге ШҚО ТЖД мен орман шаруашылығынан 74 адам, 14 бірлік техника, ШҚО АБ МИ-8 тікұшағы жұмылдырылды.

ШҚО ТЖД халыққа өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігін еске салады:

- ашық жерде болған кезде ешбір жағдайда шөпті өртемеңіз

- орман аймағында от жағуға болмайды

- балаларға от пен сіріңке ойындарының қауіптілігі туралы түсіндіріңіз

-жол жиектерімен жүріп келе жатып, көліктердің терезелерінен сөндірілмеген темекі тұқылдарын лақтыруға жол бермеңіз

- өрт анықталған жағдайда "101" және "112"телефондары бойынша дереу хабарлаңыз

Бағбандар өз учаскесінде мынадай қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етуі керек:

- су құйылған бөшке немесе өрт сөндіргіш болуы керек

- шөпті өртеуге жол бермеңіз.

 

         ШҚО ТЖД баспасөз қызметі