27 маусым күні сағат 16.00-де Ұлан ауданында, "Асубұлақ орман шаруашылығы" КММ (Приморск орманшылығы) аумағында 5 га алаңдағы өрт оқшауланды.
Естеріңізге сала кетсек, 2023 жылғы 26 маусымда сағат 17.29-да құрғақ шөптер мен бұталар жанған. Шығыс Қазақстан облысы Авиациялық бөлімшесінің МИ-8 тікұшағымен өртті сөндіру үшін орманшылар десанты мен су жеткізілді.
Өртті сөндіру қолжетімділігі төмен таулы, жартасты жерлермен ушықты.
"Арқаға ауыр жүк салып жұмыс істеуге тура келді, аспалы өрт сөндіргіштің салмағы шамамен 20 кг, оған қоса түтінмен тұншығу тағы бар. Адамдар өз өмірлерін үнемі қатерге тігіп, жартастан жартасқа секіріп, бар-күшін салып әрекет етуге мәжбүр болды. Бірақ барлық қиындықтарға қарамастан, орманшылар мен өрт сөндіру қызметі мамандарының бірлескен күшінің арқасында өрт оқшауланды", – деп ШҚО ТЖД Өрт сөндіру қызметі бастығының орынбасары Болат Нұрдыбаев айтты.
Өрт толық сөндірілгенге дейін ШҚО ТЖД өрт сөндіру қызметі және орманшылардан 55 адам мен 8 бірлік техника жұмылдырылады.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі