Қазақстан Республикасы ТЖМ қызметкерлері «ТЖ ГАЖ» бағдарламасының құралдарын қолдану саласында өз әлеуетін арттыруда

Қазақстан Республикасы ТЖМ қызметкерлері «ТЖ ГАЖ» бағдарламасының құралдарын қолдану саласында өз әлеуетін арттыруда

2023 жылғы 26 маусымда Түркістан қаласында төтенше жағдайларды мониторингілеу мен болжау саласында заманауи және көпфункционалды геоақпараттық жүйелер мен технологияларды қолдану бойынша аумақтық бөлімшелердің дағдарыс жағдайларындағы басқарма және Қазақстан Республикасы ТЖМ дағдарыс жағдайларындағы басқару орталығы мамандарына арналған үш күндік семинар басталды.

Аталған семинарды «Safety gis» ЖШС Төтенше жағдайлар және табиғи апаттар қаупін азайту орталығымен бірлесіп ұйымдастырды және ағымдағы жылдың ақпан айында Алматы қаласында өткізілген оқыту бағдарламасының жалғасы болып табылады.

«Safety gis» ЖШС мамандары «ТЖ ГАЖ» бағдарламасының барлық мүмкіндіктері мен құралдарын пайдалану бойынша презентациялық материалдармен және бейне сабақтармен, сондай-ақ төтенше жағдайлардың өзекті түрлері бойынша практикалық симуляциялық тапсырмалармен оқу курсын дайындады.

Семинар барысында интернет-ресурстардың ашық көздерінен қолжетімді термиялық нүктелер мен ғарыштық суреттер туралы деректерді қолдану мәселелері талқыланады.

Өз кезегінде, бұл төтенше жағдайларды уақтылы бағалау, күштер мен құралдарды пропорционалды бөлу бойынша басқарушылық шешімдер қабылдау және табиғи апаттар орнындағы ахуалды мониторингілеу бөлігінде Министрлік қызметкерлерінің әлеуетін арттыруды қамтамасыз етеді.

 

ҚР ТЖМ Дағдарыс жағдайларындағы басқару орталығы