Павлодар облысы ТЖД өрт сөндірушілері зауыттағы ірі өртті сөндірді

Павлодар облысы ТЖД өрт сөндірушілері зауыттағы ірі өртті сөндірді

Өрт сөндірушілердің батырлық  әрекеттерінің арқасында апатқа жол берілмеді.

21 маусымда сағат 15.54-те 112 пультіне Ақсу ферроқорытпа зауытындағы № 4 балқыту цехында трансформатордың жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті.

Өрт сөндірушілер  оқиға орнына келгеннен соң зауыт аумағындағы №4 балқыту цехында №41 пештің жанындағы трансформатор ашық жалынмен жанып жатқанын анықтады.

Зауыт қызметкерлері өрт сөндірушілер келгенге дейін өз бетінше эвакуацияланды. Өрт кезінде зауыт аумағында көбікті өрт сөндірудің автоматты қондырғысы іске қосылды.

Өрт сөндірушілер 2 трансформатордың, жабдықтар мен сорғы майының шамамен 50 шаршы метр алаңдағы жануын сөндірді. Сонымен қатар, № 15 белгідегі трансформатор шахталарындағы электр сымдарының жануын сөндірді.  Өрттің жалпы ауданы 200 шаршы метрді құрады.

Температураның жоғары болуынан төбенің жабыны құлады.

Күшті жалын, сорғы майының жануы және температураның жоғары болуы өртті сөндіруді және өрт сөндірушілердің жұмысын қиындатып, олардың өміріне қауіп төндірді. Өрт сөндіру кезінде өрт сөндіруші қолынан жарақат алып, ауруханаға жатқызылды.

Оқиға орнында ТЖД 53 қызметкері мен 13 техникасы, сондай-ақ 102 және 103 қызметкерлері жұмыс істеді, штаб құрылды.  Өрт сөндірушілер өздерінің кәсіби дағдылары мен тәжірибелерін қолдана отырып, үйлесімді және тиімді жұмыс жасады. Өрт сөндірушілердің батылдығы мен күш-жігерінің арқасында өрт сағат 20:52-де оқшауланып, сағат 22:40-та толығымен сөндірілді.

Павлодар облысының ТЖ департаменті өнеркәсіп кәсіпорындарының басшылығына, сондай-ақ облыс қонақтары мен тұрғындарына өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға кеңес береді.

 

Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі