Өрт сөндірушілер құрғақ шөптің өртенуін сөндіруді жалғастыруда

Өрт сөндірушілер құрғақ шөптің өртенуін сөндіруді жалғастыруда

Өрт сөндірушілер құрғақ шөптің өртенуін сөндіруді жалғастыруда

Елордалық ТЖД өрт сөндірушілері, сондай-ақ Ақмола және Қарағанды облыстарының келген бөлімшелер 80 гектар аумақтағы өртті сөндіруді жалғастыруда.

ТЖД бөлімшелері, "Астана Орманы" және авиация күшімен әр жерде жанып жатқан алауларды,  жекелеген түтіндіктерді сөндіру, өрт орындарын жырту және үнемі қарауылдау жұмыстарын жүргізуде. Өрт  басталысымен авиация көлемі 222 тоннада  74 су ағызуды жүзеге асырды. Сөндіруге қазіргі уақытта барлығы 172 адам, 46 бірлік техника және 2 тікұшақ жұмылдырылды.
Ол жерде Өрт сөндіру штабының жұмысы жалғасуда. Өрт сөндіруді ТЖ министрі Сырым Шарипханов өз бақылауында ұстауда.

Қала әкімдігімен, Клуб добряков клубының еріктілерімен, Ұлттық еріктілер желісімен және "Qanat" еріктілер желісімен бірлесіп өртті сөндіруге қатысушыларға тамақ ұйымдастыруда.