Елордалық ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері Қорғалжын тас жолы мен Қосшы қаласына қарай айналма жол арасындағы қураған шөп пен қамыстың өртенуін сөндіруде екінші тәулік күрес жүргізуде. Қазіргі уақытта өрт сөндірушілер құрғақ шөптің бықсыған жерлерін жекелеген ошақтарын сөндіруде.
Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов елорда маңындағы ТЖ орнына барып, өртті тез арада сөндіру үшін күштер мен құралдар топтамасын тиімді жұмылдырылуын, ТЖМ Казавиақұтқару авиатехникасын қосымша тартуды тапсырды. Қазіргі уақытта өрт сөндіруге Қазавиақұтқару су ағызу құрылғысы бар МИ-8 борты қосымша тартылып, бүгін таңертеңнен бастап өрт ошақтарына әуеден 17 рет 51 тонна су төкті. Өрт басталғалы бері барлығы Қорғаныс министрлігінің және «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшақтары өрт ошақтарына әуеден 59 рет 198 тонна су төкті.
Өрт сөндіру орнында Астана қаласы, Ақмола және Қарағанды облыстары ТЖД жеке құрамының 185 адамы және 37 бірлік техникасы, қала әкімдігінің 6 суару машинасы жұмылдырылды.
Астана қаласының әкімдігі және де өз еріктерімен Клуб добряков еріктілер командасы елордалық өрт сөндірушілерді ыстық тамақпен және сусынмен қамтамасыз етті.
Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындардан ережелерді сақтауға кеңес береді. Өрт қауіпсіздігін, балалар отпен ойнамауын қадағалаңыз, темекі тұқылын тастамаңыз! Өрт қауіпті кезеңде өрттің пайда болу қаупі артады. Әсіресе, отпен абайсыз болу жағдайлары артады.
Өрт анықталған жағдайда дереу 101 нөмірі бойынша хабарлау қажет.
Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі