Абай облысындағы өртті сөндіру бойынша ақпарат

Абай облысындағы өртті сөндіру бойынша ақпарат

Қазіргі уақытта Абай облысында тартылған күштер мен құралдармен өртті сөндіру жалғасуда. Жедел штабтың мәліметінше, елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Өртке қарсы арақашықтық мен минералдандырылған жолақтарды жасау, өрт ошақтары мен өрттің периметрі бойынша жиектерге су төгу, өрттің жиегін топырақпен жабу және толтыру жұмыстары жалғасуда.

Ағымдағы ауа температурасы 23-28 градус, солтүстіктен соққан желдің секундына 7-12 метрге жетеді, жауын-шашынсыз.

Жерүсті өртті сөндіруге ТЖМ, Экология және табиғи ресурстар министрлігнен, жергілікті атқарушы органдардан және Қорғаныс министрлігінен 1 800-ге жуық адам, 350-ден астам бірлік техника жұмылдырылған.

Сонымен қатар, тартылған тікұшақтар өрт аумағын аэровизуалды тексеруді және өрт ошақтарына су ағызуды жүзеге асыруда. Өткен тәулікте барлығы 535 рет көлемі 1 600-ға жуық тоннадан астам су ағызылды. Өрт басталғалы бері барлығы 1450 рет көлемі 4 000 тоннадан астам су ағызылды.

Осы уақытқа дейін жедел желі телефонына 179 қоңырау келіп түсті. ТЖМ және ТЖД жедел желісінің телефондары: 8 7172 53 32 84, 8 7222 35 38 31.

«Қазгидромет» АҚ деректері бойынша 14 маусымға ауа-райы болжамы: жауын-шашынсыз, солтүстік, солтүстік-шығыс бағыттағы желдің жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с болады деп күтілуде, ауа температурасы түнде +8+130С, күндіз +20+250С.

15 маусымда жауын-шашынсыз, солтүстік бағыттағы желдің жылдамдығы 9-14 м/с, екпіні 17-22 м/с болады деп күтілуде, түнде ауа температурасы +5+100С, күндіз +23+280С.

 

 

Жедел штаб