
2023 жылғы 11 маусымда сағат 10:28-де Жітіқара қаласының құтқарушылары көмек қажеттігі туралы хабарлама алды.
Оқиға куәгерлері Шортанды өзенінің сол жағалауынан жоғары қарай жоғарғы бөгеттің жанында қамыс арасында қайық тербеліп тұрғанын хабарлады. Қайықтың ішінде ес-түссіз жатқан бір адам бар екен.
Жітіқара қаласының жедел-құтқару бөлімшесінің қызметкерлері оқиға орнына барды.
Олар жағадан 100 метр қашықтықта өскен қамыс арасында екі орындық резеңке қайықты тапты. Құтқарушылар қалың өскен өсімдіктерді айналып өтіп, қайыққа жағаның басқа жағынан жүзіп барды. Олардың бірі тербеліп тұрған қайыққа көтерілді, екіншісі суда қалып, оны суда ұстап тұрды.
Қайыққа көтерілген құтқарушы ер адамның есін жинауы үшін әрекет жасады. Ер адам балық аулау кезінде өзін нашар сезініп, жағалауға өздігінен жете алмаған екен. Оның үстінде құтқару кеудешесі болған жоқ, ал қайықта суды соруға арналған ыдыс (шелек немесе шөміш) те жоқ екен.
Құтқару операциясы сағат 11:00-де сәтті аяқталып, құтқарушылар 1991 жылы туған азаматты жағаға шығарды. Осы уақытқа дейін оларды Жітіқара қаласының шұғыл ден қою қызметтері жағада күтіп тұрды. Оларды құтқарушылар оқиға орнына алдын ала шақырған болатын.
Құтқарылған адам жедел-жәрдем бригадасына тапсырылды.
Бұған дейін, 4 маусым күні кешке Жітіқара ауданындағы Шортанды өзенінде жедел құтқару жасағының қызметкерлері 1981 жылы туған азаматты мас күйінде құтқарды. Ер адам Жітіқара қаласына жақын орналасқан төменгі бөгет аймағында шомылған болатын, бірақ өз күшін бағалай алмай суға бата бастады. Оқиға орнына уақтылы келген құтқарушылар суға батып бара жатқан адамды құтқарып, жағаға шығарды.
Қостанай облысы ТЖД
Қоғаммен байланыс тобы