Абай облысындағы өртті сөндіру бойынша ақпарат

Абай облысындағы өртті сөндіру бойынша ақпарат

Қазіргі уақытта Абай облысында 5 учаскеде өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының күштері мен құралдары орман шаруашылығына өртті жоюға жәрдемдесуде.

Қазіргі уақытта өртті сөндіруге ТЖМ, Орман шаруашылығы комитетінен, жергілікті атқарушы органдардан және Қорғаныс министрлігінен 1 500-ге жуық адам, 290-нан астам бірлік техника жұмылдырылған.

Өрт аумағын аэровизуалды тексеру және өрт ошақтарына әуеден су төгуді жүзеге асыру үшін тікұшақтар тартылды. Өртті сөндіру жұмыстары басталғаннан бері өрт ошақтарына әуеден 486 рет су төгілді, жалпы көлемі  1 000-нан астам тоннаны құрайды.

Қазіргі уақытта өрттің елді мекендерге таралу қаупі жоқ, жағдай бақылауда тұр.

Алматы қаласы, Алматы облысы ТЖ департаменттерінен жіберілген күштер мен құралдар, Қарағанды мен Алматы облыстарынан ҚР ТЖМ 52859 және 28237 әскери бөлімдердің әскери қызметкерлері өртті сөндіруге кірісті. Арнайы жіберілген жылжымалы басқару пункті өз функциясын атқарып жатыр.  

ТЖМ Апаттар медицинасы орталығы филиалдарының қызметкерлері қажет болған жағдайда шұғыл медициналық көмек көрсетуге дайын.

Апаттар медицинасы орталығы филиалдарының шұғыл медициналық көмек көрсету бригадасының құрамына дәрігерлер, медицина қызметкерлері, санитар-жүргізушілер, санитариялық көлік, арнайы автокөлік және далалық госпитальға арналған пневмокарк модульдер кіреді.

Апаттар медицинасы орталығы дәрігерлерінің қызметіндегі басты міндет төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккен адамдарға, сондай-ақ бастарын қауіпке тігіп төтенше жағдайлар орнында қызмет атқарып жүрген құтқарушыларға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Қазіргі уақытқа дейін жедел желіге 94 қоңырау түсті. ТЖМ және ТЖД жедел желі телефондары: 8 7172 53 32 84, 8 722 235 38 31.

«Қазгидромет» АҚ 11 маусымдағы деректері бойынша: 11 маусымда  күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында аздаған жауын-шашын, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші 9-14, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында 15-20 м / с. Ауа температурасы 22-27  жылы, облыстың оңтүстігінде 32 градус болады деп күтілуде.