Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин жұмыс сапарының екінші күні Солтүстік Қазақстан облысының халқымен кездесу өткізді.
Есеп беру кездесу барысында ТЖМ басшысы министрліктің халықты қорғау үшін табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу, олардың салдарын жою бойынша іс-шаралар кешенін жүзеге асырып жатқанын атап өтті.
Өз сөзінде министр республика мен өңір бойынша статистикалық деректерді келтірді: «Қабылданып жатқан шаралардың арқасында соңғы 2023 жылғы 5 айда елімізде қаза болғандардың саны 3% - ға немесе 230 адамға азайды, бұл ретте 5 мыңнан астам төтенше жағдай тіркелді. Өңірде төтенше жағдайлар саны 20%-ға, сондай-ақ қаза тапқан азаматтардың 48% - ға азайғаны байқалады».
«Бүгінгі күні министрліктің барлық күштері табиғи өрттердің алдын алуға және суға шомылу маусымының қауіпсіз өтуіне бағытталған. Солтүстік Қазақстан облысының аумағы Ресей Федерациясының үш облысымен (Қорған, Түмен және Омбы облыстары) шектеседі. Елімізде өрт қауіпті кезең Министрлік пен Үкіметтің ерекше бақылауында. Күштер мен құралдардың топтамалары құрылды, оның ішінде Қазавиақұтұқару әуе кемесі дайындыққа келтірілді.
Өзара іс-қимыл жоспарлары пысықталды барлық кезеңде профилактикалық рейдтер жүргізіледі. Облыста 50-ден астам мобильдік топ құрылып, мыңнан астам бірлік техника мен шамамен екі жарым мың адам әзірлікке келтірілді, орман алқаптарында өрт станциялары жұмыс істейді», - деп Солтүстік Қазақстан облысының халқымен кездесуде Юрий Ильин айтты.
Заманауи цифрлық технологияларды ескере отырып, Булаев, Есіл, Сергеев, Соколов орман алқаптарында тұтану ошақтарын ерте кезеңде табуға және өрттерге ден қою шараларын қабылдауға мүмкіндік беретін 16 бейнебақылау кешені орнатылды.
Сонымен қатар, өңірде төрт жүзден астам ерікті құралым немесе бір жарым мыңнан аса еріктілер қызмет атқарады. Олардың иелігінде 660 бірлік бейімделген техника, соның ішінде 34 өрт сөндіру автомобилі бар.
Адамдардың су қоймаларында қайтыс болуын азайту мақсатында облыс бойынша 58 ресми суға шомылу орны белгіленген. Негізінен коммуналдық жағажайлар Ғ. Мүсірепов және Шал Ақын аудандарындағы Алакөл, Шалқар, Песчаное көлдерінде, Есіл өзенінде, Сергеев су қоймасында орналасқан. Жеке жағажайлар Айыртау, Есіл, Қызылжар аудандарда орналасқан.
Облыста Пестрое көлі мен Есіл өзенінде екі суда-құтқару станциясы бар, құтқарушылар өзендер мен көлдердің қауіпті учаскелерінде күн сайын патрульдеу жүргізеді. Биыл құтқару станциясы базасында 154 құтқарушы оқытылды, мыңнан астам бала стационарлық бассейндерде жүзуге үйретілді. Су айдындарында балалардың өлімін азайту мақсатында асуға шомылу маусымы басталғанға дейін балалар мен құтқарушыларға жүзу дағдыларын үйрету жұмыстары жүргізілді.
Өз сөзінің соңында Юрий Ильин азаматтардың назарын өрт қауіпсіздік және судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігіне аударды.
Сонымен қатар, Төтенше жағдайлар министрі азаматтарды жеке қабылдап, оларды қызықтырған барлық сұрақтарға жауап берді.
Есеп беру кездесуі аясында Министр бұқаралық ақпарат құралдарымен брифинг өткізді. Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесіп, ведомствоның жұмысы, азаматтық қорғау жүйесін дамыту перспективалары, алда тұрған міндеттерді шешу туралы айтты.
Кездесу аясында Министрлік бөлімшелерінің қызметін өзара ынтымақтастық және жариялау, объективті және шынайы ақпарат беру, төтенше жағдайлар кезінде және техногендік сипаттағы азаматтардың мінез-құлық қағидаларын халыққа жеткізу мақсатында ТЖМ мен облыстық телеарналар арасында меморандумға қол қойылды.
Министр Абай облысындағы өртке және өртті сөндіруге тартылған күштер мен құралдарды үйлестіру қажеттілігіне байланысты Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарын тоқтатты. Министр ТЖМ Дағдарыс жағдайында басқару орталығындағы штабты жеке өзі басқарады.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметі