ТЖ министрі Абай облысы Бабаев орманшылығының аумағындағы өртті сөндіруге жұмылдырылған күштер мен құралдардың тобын күшейтуді тапсырды

ТЖ министрі Абай облысы Бабаев орманшылығының аумағындағы өртті сөндіруге жұмылдырылған күштер мен құралдардың тобын күшейтуді тапсырды

Қазіргі уақытта өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда. Өртті жоюға төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелерінен, орман шаруашылығы комитетінен, жергілікті атқарушы органдардан және Қорғаныс министрлігінен 167 адам, 47 бірлік техника, оның ішінде 3 тікұшақ жұмылдырылды.

 Елді мекендерге қауіп жоқ. ТЖ министрлігі мен Абай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің базасында жедел штабтар құрылды.

ТЖ министрі Юрий Ильиннің өкіміне сәйкес өрт орнына Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының, Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменттерінен қосымша күштер мен құралдар жіберілді.

Қазіргі уақытта аумағы шамамен 2000 га құрайтын 8 квартал өртеніп жатыр.

Өрт орнына ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Нұрболат Дербісов жіберілді.