Түркістан облысы: құтқарушылар су қоймасында 3 адамды құтқарды

Түркістан облысы: құтқарушылар су қоймасында 3 адамды құтқарды

101 телефонына Шардара су қоймасында демалушылардың қайықпен суға кетіп, қайта оралмағандығы туралы хабарлама түсті.

Оқиға орнына жеткенде қайықтың ақауы салдарынан 3 адамның су ортасында қалып қойғаны анықталды. 

Құтқару жұмысына Түркістан облысы Жедел құтқару жасағы және полиция департаментінің қызметкерлері жұмылдырылды.

Бір сағат ішінде шұғыл қызметтер авариялық-құтқару жұмыстарын аяқтап, адамдарды жағаға шығарды. Құтқарылғандардың жағдайы қанағаттанарлық, медициналық көмек қажет болған жоқ.

Құрметті Түркістан облысының тұрғындары мен қонақтары! 

Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажеттігі туралы еске салады.

Қажет болған жағдайда «112» нөміріне хабарласыңыз.

 

 

Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі