Қапшағай су қоймасында адамдар шұғыл құтқарылды

Қапшағай су қоймасында адамдар шұғыл құтқарылды

2023 жылғы 5 маусымда сағат 18.18-де Қапшағай су қоймасындағы қалалық жағажайды патрульдеу кезінде жағадан 30-40 метр қашықтықта Алматы қаласынан демалуға келген 2002 жылы туған жігіттер құтқарылды, олар шомылу кезінде жағадан алыс жүзіп, құрлыққа өз бетінше жете алмады.

Қонаев қаласы жедел-құтқару жасағының күшімен жастар жағаға жеткізілді. Құтқару операциясына 4 құтқарушы және 2 жүзу құралы жұмылдырылды. Құтқарылғандарға медициналық көмек қажет емес.

Алматы облысы ТЖД судағы қауіпсіздік қағидаларын еске салады:

- жағадан алыс, қауіпсіздік аймақ шекарасы белгіленген буйкадан асып жүзуге болмайды;

- бейтаныс жерлерде суға түсуге болмайды, су түбінде батып кеткен бөренелер, тастар, корягалар болуы мүмкін;

- суға қайықтардан, катерлерден, айлақтардан және осы мақсаттарға бейімделмеген басқа да құрылыстардан секіруге болмайды;

- шомылу үшін арнайы бөлінген орынды таңдау қажет;

- кемелерге (моторлы, желкенді), қайықтарға, баржаларға жақын жүзуге болмайды;

- батпақты жерлерде және балдырлар немесе тина бар жерлерде шомылуға болмайды;

- күнге қыздырынғанан соң немесе денені қатты салқындатқаннан кейін суға кіруге болмайды;

- күн астында ванна қабылдағаннан, жүгіргеннен, салқын суға біртіндеп бейімделместен ойнағаннан кейін тез суға кіруге және секіруге болмайды;

- мас күйінде суға кіруге және шомылуға қатаң тыйым салынады;

- үрлемелі матрацтарда, автомобиль камераларында, үрлемелі ойыншықтарда жүзбеңіз, қол астындағы құралдың ақауы болуы мүмкін, адам кенеттен су  астына кетуі мүмкін, ал бұл жақсы жүзе білетін адамдар үшін де өте қауіпті. Сонымен қатар, әлсіз желдің де жағалаудан алыс алып кету мүмкіндігі бар.

- егер сіздің бұлшық етіңіз тырысса, арқаға жатыңыз және жағаға жүзіңіз, бұл ретте бүгілген бұлшықеттерді жазыңыз, бірақ ең жақсысы – өзіңізбен бірге «ағылшын» түйреуіші болғаны дұрыс. Тіпті онымен бір рет шаншу өмірді құтқаруы мүмкін.

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі