ТЖМ құтқарушылары Проходное шатқалында зардап шеккен адамға көмек көрсетті

ТЖМ құтқарушылары Проходное шатқалында зардап шеккен адамға көмек көрсетті

 2023 жылғы  5 маусымда  сағат 12:57-де ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының кезекші-диспетчерлік бөліміне ер адамның  Проходное шатқалында аяғын сындырып алғаны және оны тасымалдау қажеттігі туралы  хабарлама келіп түсті.

Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылар тобы  оқиға орнына шықты. Зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсетіп, аяғын  қаңқа көмегімен (шина) бекітіп, зембілге салып ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының бригадасына тапсыру үшін туристті тасымалдауға кірісті.

ТЖМ құтқарушылары тауда қауіпсіз демалу ережелерін еске салады. Тік шөпті беткейлер мен бөртпелерге көтерілуге болмайды, аяғыңыздың астына мұқият қарауыңыз керек. Қауіпсіздікті ысырып, жолды қысқартуға болмайды. Ыстық маусымда өзіңізбен міндетті түрде су, күннен қорғайтын көзілдірік, бас киім және күннен қорғайтын жақпа май болуы керек.

 

ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының баспасөз қызметі