Соңғы үш тәулікте Жамбыл облысының өрт сөндірушілері мен құтқарушылары 75 рет шақыртуларға шықты

Соңғы үш тәулікте Жамбыл облысының өрт сөндірушілері мен құтқарушылары 75 рет шақыртуларға шықты

Соңғы үш тәулік – жұма, сенбі және жексенбі күндері Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бөлімшелері 75 рет түрлі сипаттағы шақыртуларға шықты. Оның негізгі бөлігі, яғни 66 шақырту қураған шөп пен қоқыстың жану оқиғасын құрайды. Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары тұрғындардың үй ішінде қалып, өміріне қауіп төнген жағдайда есіктерді ашуға күн сайын шығуды жалғастыруда, соңғы үш тәулікте олар 7 рет осындай сипаттағы шақыртуға шыққан. 

Облыс пен қала аумағындағы өрттер де азаятын емес. Мысалы, ағымдағы жылдың 4 маусымында сағат 15:21-де Жамбыл ауданы Сұлутөр ауылының тұрғын үй аумағында екі трактор мен құрғақ шөптің өртенгені туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына жедел түрде өрт сөндіру қызметінің үш бөлімшесі (№3 өрт сөндіру бөлімі, №1 және №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі) 4 бірлік техника мен 18 адам жеке құрам жөнелтілді. Өрт сөндірушілердің жалпы күшімен өрт 10 минут ішінде жойылды. Өрт салдарынан екі трактордың мотор бөліктері өрт салдарынан жойылды, сондай-ақ өрттің жақын орналасқан қора-жайларға таралуына жол берілмеді.

Сол күні сағат 16:51-де Тараз қаласы Шөлдала ауылының "Химстрой" алабы тұрғын үйінің аумағында сарай өрті болды.  Оқиға орнына шығу кестесіне сәйкес №1 және №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімдерінің күштері мен құралдары жөнелтілген. Келіп жеткен өрт сөндірушілер өртті 15 минутта жойды. Өрт салдарынан сарай және 11 бас қой өртенді. Алайда. Жедел қиылдаған от жауынгерлері өрттің одан әрі тұрғын үйлерге таралуына жол бермеді. Өрттің ауданы 30 шаршы метрді құрады.

Ағымдағы жылдың 5 маусымында сағат 01:36 - да Байзақ ауданының Алматы-Ташкент тас жолында жүк көлігі және қураған шөптің өртенгені туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына №8 өрт сөндіру бөлімінің күштері мен құралдары аттанған. Жедел жеткен  өрт сөндірушілер бір сағат ішінде көлік пен қураған шөп алқабындағы өртті жойды. Өртінің ауданы 2 га құрады. Өрттің салдарынан жүк көлігі толығымен жойылды.

Осыған байланысты облыс пен қала тұрғындары мен қонақтарына өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды, ал үйден шығарда газ және электр құралдарын қуат көзінен ажыратуды, мүмкіндігінше қарттар мен балаларды қараусыз қалдырмауды ескертеміз. Сондай-ақ, шомылу маусымы басталғандықтан тұрғындардың назарына сақтық шараларын күшейтуді және су көздерінде балалардың шомылуын қатаң бақылауға шақырамыз. Сондай-ақ, өрт немесе өзге де төтенше жағдай туындағанда "101", "112" телефон нөмірлеріне қоңырау шалу ақысыз негізде жүзеге асырылатынын еске саламыз.

 

 

Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметі