РЖҚЖ құтқарушылары адасқан төрт туристке үйлеріне оралуға көмектесті

РЖҚЖ құтқарушылары адасқан төрт туристке үйлеріне оралуға көмектесті

4 маусым сағат 19:05-те ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының кезекші-диспетчерлік бөліміне, Медеу ауданындағы тауларда төрт турист жоғалып кетті деген хабарлама келіп түсті. Туристер Көк-Жайлау-Күмбел шыңы бағытымен жүріп, кері қайтар жолда Горельник шатқалына қарай шығып, жолда адасып кеткен. Туристтер телефонмен байланыста болып,   геолокациялық  деректерін жібере алды. Сағат 20:00-де 6 адамнан тұратын        РЖҚЖ жедел тобы, оның ішінде бір кинологиялық есептоп Горельник шатқалына туристерді іздеуге шықты. 22:55-те ТЖМ құтқарушылары зардап шеккендерді тауып алды. Қуанышқа орай туристтер медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.

Құтқарушылар серуендеу ережелерін еске салады. Тауға шықпас бұрын бағытыңызды мұқият зерттеңіз, жалғыз жүрмеңіз, жолдастарыңызды таныс емес ортада жалғыз тастамаңыз. Бағыттың негізгі бөлігін күннің бірінші жартысында жүріп өтуге тырысыңыз, бағытыңыздан бейтаныс жолдарға (соқпақ) шықпаңыз, жолды қысқартпаңыз!

Көмекке мұқтаж болсаңыз 112 немесе 8(727)372-15-60 ("ҚР ТЖМ РЖҚЖ" ММ кезекші-диспетчерлік бөлімі) қоңырау шалыңыз.

"ҚР ТЖМ РЖҚЖ" ММ баспасөз қызметі