Шет ауданында табиғи өрттерді сөндіру бойынша іс-шаралар пысықталды

Шет ауданында табиғи өрттерді сөндіру бойынша іс-шаралар пысықталды

Қарағанды облысы Шет ауданы аумағында табиғи өрттерді сөндіру бойынша ауқымды өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өтті.

Оқу-жаттығудың тақырыбы: «2023 жылғы өрт қауіпті кезең жағдайында төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-шараларға мемлекеттік органдардың, Азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің аумақтық ішкі жүйесінің күштері мен құралдарының дайындық деңгейін арттыру».

Оқу-жаттығу жергілікті атқарушы органдардың, орман шаруашылығы мекемелерінің, ерікті өртке қарсы құралымдар мен ТЖД бөлімшелерінің табиғи өрттердің алдын алу және оларды жою, тартылатын күштер мен құралдардың дайындығын тексеру және т. б. іс-қимылдары мен өзара іс-қимылдарын пысықтау мақсатында өткізілді.

Өрт-тактикалық оқу-жаттығуға Қарағанды облысының ТЖД, ҚР ТЖМ 52859 әскери бөлімінің, орман шаруашылығы мекемелерінің, Полиция департаментінің, жергілікті атқарушы органдардың өрт сөндіру бекеттерінің күштері мен құралдары, ерікті өрт сөндіру бөлімшелері, медициналық қызмет және қоғамдық тамақтандыру қызметі жұмылдырылды. Сонымен қатар оқу-жаттығуларға аудандар мен облыстық азаматтық қорғау қызметтерінің басшылары шақырылды.

Оқу-жаттығулар барысында табиғи өрттің шығуына әрекет етудің шартты жағдайы әзірленді. Жоспарға сәйкес, желді және құрғақ ауа райына байланысты өрт дала массивіне және іргелес жатқан тоғайлардың  ағаштарына тез тарады. Орман өрт сөндіру бекетінің күштері мен құралдары, Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері, Шет ауданының ерікті өрт сөндіру бөлімшелері өртті сөндіру шараларын жүргізді. Жергілікті полиция қызметі тұрғындардың өртеніп жатқан аймаққа кіруіне жол бермеу үшін өрт ошақтарын қоршауды ұйымдастырды. Ерікті өрт сөндіру бөлімшелерінің және орман өрт сөндіру бекеттерінің тракторларымен өрттің таралуына жол бермеу мақсатында жер жырту жұмыстары жүргізілді. Медициналық қызмет зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетті. Қоғамдық тамақтандыру қызметі өртті сөндіруге қатысқан жеке құрамға тамақ ұйымдастырды.

Шартты өртті сөндіру үш учаскеде лафеттік, қол өрт оқпандарын, "Ермак" жылжымалы кешендерін және басқа да құралдарды (хлопушкалар мен аспалы өртсөндіргіштер) қолдана отырып жүргізілді.

Жалпы күш-жігермен шартты табиғи өрт жойылды. Өртенген жерлерді қосымша барлау және су құйу жұмыстары жүргізілді.

Жаттығуға барлығы 115 адам мен 15 бірлік техника жұмылдырылды. Оқу-жаттығу қорытындысы бойынша оқу-жаттығуды талдау жүргізілді, онда тартылған күштердің іс-әрекеттеріндегі оң жақтары да, кемшіліктері де атап өтілді, олардың жауынгерлік қабілеттілік деңгейін арттыру жолдары көрсетілді.

 

Қарағанды облысының ТЖД баспасөз қызметі