Түркістан облысында тауда турист құтқарылды

Түркістан облысында тауда турист құтқарылды

Түркістан облысы ТЖ департаментінің «112» құтқару қызметіне 29 мамырда шамамен сағат 23.00-де Түлкібас ауданы Қожаберді ауылының оңтүстік беткейінде турист таулы аймақта өз тобынан қалып қойып, адасып кеткені туралы хабар берген.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына Түркістан облысы ТЖ департаментінің жедел-құтқару жасағының құтқару бөлімшесі аталған мекенжайға шығып, 29 мамырда түнгі сағат 01.00-де 1987 жылғы ер азаматты тауып, қауіпсіз жерге шығарды. Туристке медициналық көмек қажет болған жоқ.

Түркістан облысының таулы аймақтарында 2023 жылы бұл бірінші оқиға болып отыр.

Түркістан облысы ТЖ департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарын ескертеді!

  • тауда тек топпен қозғалу қажет, одан бөлінуіне жол берілмейді;
  • ауа райы болжамын алдын ала анықтап алу керек;
  • қозғалыс қарқынын топтағы ең әлсіздерге қарай анықтау керек;
  • қараңғы уақытта немесе тұман кезінде қозғалуға болмайды;
  • қауіпті учаскелердің, жылдам ағатын өзендердің ықтимал қауіптерін мұқият бағалау керек;
  • таулы аймақтарда жолды мұқият қадағалаңыз, әсіресе жаңбырдан кейін мұқият болу керек;
  • беткейлерде және шұңқырларда жатқан тастарды баспау керек;
  • алғашқы медициналық көмек көрсету үшін қажетті дәрі-дәрмек қобдишасы болу қажет;
  • жылы киім, қажетті азық-түлік, жеткілікті мөлшерде су қоры болуын қамтамасыз ету керек;
  • бейтаныс маршрутпен алғашқы рет жорыққа шықсаңыз, міндетті түрде тәжірибелі жолсеріктің болуын қамтамасыз ету қажет.

Есте сақтаңыздар! Тауда қателіктер кешірілмейді! Төтенше жағдайларды  алдын алу мақсатында «112» нөміріне хабарласыңыз.

Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі