2023 жылғы 29 мамыр күні түнгі сағат 01.06-да ТЖМ РЖҚЖ-на Алматы қаласы ТЖД-нан Аюсай шатқалында ер адам жоғалып кетті деген хабарлама келіп түсті. Жоғалған адамдармен байланыс та, нақты геолокация да болған жоқ. Өтініш берушілер туристің туыстары болды. Белгілі болғандай, үш адамнан тұратын туристер тобы әлеуметтік желіде бір - бірімен хабар алысып, Алмарасан шатқалынан бастап, одан әрі Проходное шатқалынан - Аюсай шатқалына дейінгі бағыт бойынша тауға кеткен. Кеш түскенше туристер үйлеріне оралмаған.
Туристерді іздеуге 7 адамнан тұратын РЖҚЖ жедел тобы, оның ішінде 1 кинологиялық есеп жолға шықты. Сағат 03.10-да ТЖМ қызметкерлері Аюсай шатқалына келіп, іздеуге кірісті. Құтқарушылар 2 топқа бөлінді: біріншісі Космостанция аймағынан іздеуді бастады, ал екіншісі Проходное шатқалынан өтті.
Таңертең ер адамның туыстары қоңырау шалып, бәрі жақсы екенін хабарлады, туристтік топ тауда түнеген. Қазір олар үшінші сарқырама арқылы Аюсай шатқалына жол тартты деді.
Біраз уақыттан кейін жоғалғандардың бірі жұбайына, дұрыс жолмен төменге түсіп жатқандарына сенімді емес екендіктерін хабарлап SMS-хабарлама жібереді. Құтқарушылардан төменге түсуге көмек сұрайды.
Сағат 15.30-да құтқару бөлімшесінің басшысы жоғалған туристер Аюсай шатқалындағы екінші сарқыраманың үстінен табылып, жедел топ туристтермен көлікке қарай түсіп бара жатқандығы туралы ақпарат берді. Ешқайсысына медициналық көмек қажет болмады. Нәтижесінде үш адам, 1993 жылы туған ер адам және Ресейдің екі азаматы - 1990 жылы туған әйел және 1980 жылы туған ер адам құтқарылды.
РЖҚЖ құтқарушылары таудағы қауіпсіздік ережелерін еске салады. Тауға шықпас бұрын, бағытыңызды мұқият жоспарлаңыз. Рельефті және жорықтың барлық қауіпті аймақтарын алдын-ала зерттеңіз, физикалық мүмкіндіктеріңізді бағалаңыз. Аюсай шатқалындағы сарқырамалар ерекше қауіп төндіреді және бір сарқырамадан екіншісіне жол тартқан кезде қырағылық таныту қажет. Сарқырамалар биік, тайғақ жартастарға жақындауға болмайды, сізде арнайы аяқ киім болуы керек, мүмкіндігінше туристер өздерімен бірге арнайы жабдықтармен жабдықталуы керек.
ҚР ТЖМ РЖҚЖ баспасөз қызметі