Өртті сөндіргенен, алдын алған оңай

Өртті сөндіргенен, алдын алған оңай

Жамбыл облысы, Шу ауданы, Төле би ауылы №19 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерімен «Шу KEGOK» электр бекетінде өрттің алдын алуға бағытталған өрт тактикалық оқу-жаттығу өткізілді.

Аталған оқу-жаттығу барысында өрт немесе түрлі сипаттағы төтенше жағдайлар туындағанда әрекет ету бойынша әдіс-тәсілдері жан-жақты пысықталды. Өрт сөндіру қызметі келгенге дейін «Шу KEGOK» электр бекеті қызметкерлері атқаратын алғашқы өрт сөндіру құралдарымен өрт сөндіру және қауіпсіз орынға көшіру жұмыстары да жан-жақты талқыланды. Шара соңында оқу-жатығудың өткізілу деңгейі оң деп бағаланып,  аталған мекеме  қызметкерлеріне өрт немесе төтенше жағдай туындағанда уақыт оздырмай, шұғыл түрде «101» және «112» телефон нөмірлеріне қоңырау шалу қажеттігі баса айтылды. 

 

Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің Қоғаммен байланыс тобы