Республикажажыл сайын 1 мыңға жуық орман және дала өрті, сондай-ақ халыққа, мүлікке және табиғатқа қауіп төндіретін 4 мың өрт тіркеледі.
Өрт қауіпті кезеңнің басынан бастап 130-дан астам табиғи өрт тіркелді, өрттің ауданы 20 мың гектардан астам.
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов табиғи парктер мен қорықтарда өртті ерте анықтау жүйесін белсенді түрде енгізуді тапсырды. Дегенмен, оны орнату өте баяу жүргізілуде, бұл өртті кеш анықтауға және нәтижесінде ұзақ сөндіруге әкеледі.
Бұл анықтау жүйесі «Бурабай» ұлттық табиғи паркінің аумағында және «Семей Орманы» МҰТП он филиалының бірінде ғана бар.
«Бурабай» ұлттық табиғи паркінің аумағында енгізілген смарт-жүйенің арқасында өрттер алаңы едәуір қысқарды, олардан келтірілген залал азайды және ден қоюдың жеделдігі артты.
Осы жылы «Smart National Park Burabay» ерте анықтау жүйесі орман қоқысының өртенуін (төменгі, қашқын өрт) тіркеді, онда ерте анықтау нәтижесінде өрт қысқа мерзімде жойылды және бұл ретте өрттің үлкен аумаққа таралуын болдырмады. Жанудың жалпы ауданы 0,002 га.
Айта кету керек, "Бурабай" МҰТП табиғи өрттердің ошақтарын уақтылы анықтау мақсатында «Smart National Park Burabay» және «Маяк-QORNAI» жүйелері қолданылады.
Бейнебақылау жүйелерін орнату бойынша жұмыс тәжірибесі түтін мен жану ошақтарын ерте сатысында анықтауда өзінің тиімділігін көрсетті. Бейнебақылау жүйелері есебінен өрт алаңының 3 есеге төмендеуі байқалады (2023ж.-2,3 га.2022ж. -1,3 га.2021ж. - 20,5 га).
Бұдан басқа, биыл бұл жұмыс тәжірибесі «Көкшетау», «Ертіс Орманы» МҰТП-ға енгізілуде, Бейнебақылау жүйелерін орнату үшін шамамен 4 млрд теңге бөлінді.
Бұл тәжірибені басқа табиғи саябақтарда, қорықтарда қолдану қажет. Өрттерді ерте анықтаудың автоматтандырылған жүйелерін енгізу бөлімшелердің уақтылы әрекет етуін қамтамасыз етеді және орман алқаптарының едәуір аумағының сақталуын және материалдық залал сомасының азаюын қамтамасыз ете отырып, өрттерді бастапқы сатысында оқшаулауға мүмкіндік береді. Сапалы және толыққанды барлау қажетті күштер мен құралдарды уақтылы шоғырландырып, ТЖ алаңын жедел анықтауға мүмкіндік береді.
«Азаматтық қорғау туралы» Заңға сәйкес мемлекеттік өртке қарсы қызметтің жауапкершілік аймағына елді мекендердің аумақтарында, стратегиялық, аса маңызды мемлекеттік объектілерде және мемлекеттік меншіктің тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінде өрттерді сөндіру кіретінін атап өткен жөн. Сонымен қатар, әрине, қолданыстағы екіжақты келісім шеңберінде орман шаруашылықтарына жәрдемдесу жүзеге асырылады. Алайда, табиғи өрттерді сөндіру үшін мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының күштері мен құралдарын тарту елді мекендердегі ықтимал ТЖ-ны уақтылы жоюға қауіп төндіруі мүмкін.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметі