Абай облысындағы орман өрті бойынша жедел ақпарат

Абай облысындағы орман өрті бойынша жедел ақпарат

Қазіргі уақытта 3 учаскеде өртті сөндіру жұмыстары жүргізілуде. Өрттің таралуы толығымен тоқтатылды, өрт сөндіру оттықтың ішіндегі жекелеген ошақтарда жүргізіледі.

Желдің күшеюіне байланысты тұзды көл ауданындағы үшінші учаскеде өрт төменнен жоғарыға ауысты. Өртті сөндіру үшін 20 бірлік техника, жеке құрамнан 64 адам жұмылдырылды.

Өрттің таралуының алдын алу мақсатында маңайдағы жерлер жыртылды. Алдын ала болжам бойынша өрттің ауданы 1500 га құрайды.

Березовка санаторийі (108 адам, 36 үй), Березовка подхозы (169 адам, 53 үй) елдімекендеріне қауіп төнуде.  Өрт орнына дейінгі қашықтық шамамен 5-7 км. Ол жерге 4 бірлік техника бағытталды.

Орман өртін сөндіруге барлығы 100 бірлік техника (оның ішінде 1 өрт поезы) және 2 тікұшақ, сондай - ақ 402 адам ("Семей Орманы" МОТР-66 бірлік техникасыя, 231 адамы, ТЖМ 28 бірлік техникасы, 1 тікұшағы, 144 адамы, ҚТЖ 1 өрт поезы, 10 адамы, ЖАО 5 бірлік техникасы, 7 адамы, Қазавиаорманқорғаудың 1 тікұшағы, 6 адам экипажы, 1 УАЗ, 4 адам) жұмылдырылды.

Сондай-ақ, орман өртін "Қазавиақұтқару" АҚ МИ-873 және "Қазавиақұтқару" су ағызу құрылғысы бар МИ-8 тікұшақтары сөндіруде. Қазіргі уақытта 59 рет су ағызылды (157,5 тонна.).

ТЖМ-де және Департаменттің дағдарыс орталығында, сондай-ақ жергілікті жерде жедел штабтар ұйымдастырылды. Жедел желі телефондары жұмыс істеуде.

"Қазгидромет" деректері бойынша 24-26 мамырда Абай облысының Бородулиха ауданында екпіні 15-20 м/с дейін болатын солтүстік-шығысқа бағытталған жел күтіледі.

 

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі