Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары: Іле Алатауы тауларында, Аюсай шатқалында туристің денесі табылды

Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары: Іле Алатауы тауларында, Аюсай шатқалында туристің денесі табылды

Алдын ала мәлімет бойынша 2023 жылғы 21 мамырда 1995 жылы туған ер адам, Австралия азаматы Үлкен Алматы шатқалына қарай тауға кетті. Полиция департаментіне хабарлама ер адаммен бір жатақханада тұрған Ресей азаматынан келіп түсті. Жоғалған адамды оның әйел әріптесі соңғы рет көрген. Ол олардың Алматыға 20 мамыр күні кешке туризм мақсатында келгендерін айтты. Таңертеңгі сағат 7-де туристер ұшып кетуі керек болатын, сол себепті әріптесі оның қала әуежайына өзі барады деп ойлап, жалғыз барған.

Туристті іздеуге 6 адамнан тұратын Республикалық жедел-құтқару жасағының жедел құтқару тобы және 1 кинологиялық есептоп жіберілді, 23 сағат 40 минутта олар іздеуге кірісті. 2 сағат 40 минутта РЖҚЖ қызметкерлері мен Полиция департаментінің қызметкерлері ғарыш станциясына көтеріліп, беткейлерді тексерген. Кейін төмен түсіп, құбырдың оң және сол жағын тексерді. Көлдің оң жағынан іздеп, жоғалған адамды таппады. Үлкен Алматы көлінде түнде ауа-райы қолайсыз болып, жаңбыр, қар жауып, қатты жел соғып тұрды. Сағат 10.45-те Үлкен Алматы өзеніне құтқарушылардың тағы бір тобы бір техникамен 10 адам қайта ауысуға келіп, 11.15-те ғарыш станциясынан іздеуді жалғастырды. Құтқарушылар екі топқа бөлінді: біреуі Аюсай шатқалына, екіншісі Проходное шатқалына іздеуге шықты. Іздеу күні бойы қар, жаңбыр, тұман сияқты қолайсыз ауа-райы жағдайында жүргізілді. 15.48-де ТЖМ РЖҚЖ құтқару бөлімшесінің басшысы Арыстанбаев Бауыржан спутниктік байланыс бойынша РЖҚЖ құтқарушылары Алматы қаласы әкімдігінің құтқару қызметінің құтқарушыларымен бірлесіп, Аюсай шатқалындағы бірінші сарқыраманың жанынан жоғалған адамның денесін тапқандығы туралы ақпарат берді.

ТЖМ РЖҚЖ құтқарушылары тауларда қауіпсіздік ережелерін сақтауды еске салады: тауға жалғыз бармаңыз, туыстарыңыз бен жақындарыңызға маршрутыңыз, болжамды қайту уақыты туралы алдын ала ескертіңіз. Маршрутқа шықпас бұрын таулардағы ауа-райын мұқият зерттеңіз, ол өте өзгермелі, маршруттың екінші бөлігін қараңғы түскенге дейін аяқтауға тырысыңыз. Рюкзакқа фонарь, сіріңке, Power Bank, GPS навигаторы, ауыстыратын киім, жылы шұлық салып алуды ұмытпаңыз.

Республикалық жедел-құтқару жасағының баспасөз қызметі