"Қазавиақұтқару" инженері волонтерлерге ТЖМ әуе техникасының артықшылықтары туралы айтты

"Қазавиақұтқару" инженері волонтерлерге ТЖМ әуе техникасының артықшылықтары туралы айтты



15 мамырда Тамғалы Тас шатқалындағы "Жартасты қала-Астана" оқу - жаттығу полигонында "Қазқұтқару-2023"халықаралық жиын-семинарының 1-ші кезеңінің салтанатты ашылуы өтті.
Жиын-семинар аясында "Қазавиақұтқару" авиакомпаниясының инженерлік-авиациялық қызметінің В2 жетекші инженері Ахметжанов Әділет Мұхтарханұлы волонтерлердің, кинологтардың қатысушыларын әуе кемесімен, оның артықшылықтарымен және компаниясымен таныстырды. "Қазавиақұтқару" инженерінің айтуынша, ЕО-145 тікұшағы бортында заманауи медициналық модулі бар қазақстандық құрастырылған мамандандырылған әуе кемесі болып табылады. Санитарлық авиация желісі бойынша шұғыл медициналық көмек көрсету үшін пайдаланылады. Тік ұшу және қону мүмкіндігі ұшу-қону жолағының қажеттілігін болдырмайды және зардап шеккендерге шұғыл медициналық көмек көрсету кезінде тікұшақтарды таптырмас етеді. Волонтерлердің барлық сұрақтарына толық жауаптар берілді, атап айтқанда, осы тікұшақтың жанармай қоры 694 кг + қосымша бак 195 кг, тікұшақтың жылдамдығы 278 км/сағ жетуі мүмкін, қосымша Бакпен максималды ұшу қашықтығы 705 км. Сондай-ақ, "Қазавиақұтқарудағы" басқа да қолда бар әуе кемелері туралы, оның ішінде автопилотпен, қосымша прожектормен, тепловизормен және лебедканың жүк көтергіштігі жүйесімен қысқаша ақпарат берілді.