Орталық Азия елдері командаларының кинологиялық есептоптары және дрон операторлары қатысатын тренингтер басталды

Орталық Азия елдері командаларының кинологиялық есептоптары және дрон операторлары қатысатын тренингтер басталды

2023 жылғы 15 мамырда "Жартасты қала - Астана" полигонында Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі М.М. Күлдіковтің, Халықаралық Азаматтық қорғаныс ұйымының (ХАҚҰ) Халықаралық мониторинг және үйлестіру орталығына жауапты С.А. Леденцовтың және Төтенше жағдайлар және дүлей зілзалалардың қаупін азайту орталығының директоры С.Ғ. Әубәкіровтың қатысуымен "Қазқұтқару — 2023" халықаралық жиын-семинарының бірінші кезеңінің салтанатты ашылуы өтті.

ҚР ТЖМ, ХАҚҰ және Орталық басшылығы Орталық Азия елдері төтенше ведомстволарының кинологиялық қызметтері үшін және ТЖ міндеттері үшін ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолдану бойынша ХАҚҰ техникалық және қаржылық қолдауымен Орталық ұйымдастырған екі мастер-тренингті бастады.

Тренингтер барысында Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстаннан 41 кинологиялық есептоп арнайы бағдарлама бойынша теориялық және практикалық оқытудан өтеді, қызметтік иттерді даярлау шеберлігін арттырады. Бұл ретте ОА елдерінің 26 ҰҰА операторы алдағы Беларусь Республикасында өтетін ұшқышсыз ұшу аппараттары есептоптарының халықаралық жарысында қолдану үшін өздерінің дағдылары мен білімдерін арттырады.

Серік Әубәкіров мырза өзінің құттықтау сөзінде атап өткендей: "Орталықтың ОА елдерінің төтенше ден қою қызметтерінің әлеуетін күшейту бойынша қабылдап жатқан шаралары өз тиімділігін көрсетуде. Мәселен, Түркияда құтқару жұмыстарына қатысқан Орталық Азия елдерінің төтенше ведомстволарының 12 кинологиялық есептобының 5-і 2022 жылғы қыркүйекте "Жартасты қала - Астана" полигоны базасында ОА елдерінің кинологиялық қызметтері үшін мастер-тренингке қатысты. Орталық Азия елдерінің күштерімен 38 адам құтқарылды, 682 қаза тапқан адамдардың денелері шығарып алынды.»

Төтенше жағдайлар және дүлей зілзалалардың қаупін азайту орталығы