Павлодар облысында жайылымдағы өрт қолмен сөндірілді

Павлодар облысында жайылымдағы өрт қолмен  сөндірілді

2023 жылғы 8 мамырдас сағат 12.42-де 101 пультіне Ленин ауылы мен аудан орталығының арасында қамыс пен құрғақ шөп өртенгені туралы хабарлама түсті.  Бірақ жайылма суға толып кеткендіктен, өрт сөндіру техникасына баратын жол болмай, өртті сөндіру жаяу түрде оқпанды өрт сөндіргіштер, хлопушкалар көмегі арқылы жүргізілді. Ол жерге техниканың өту мүмкіндігі болмады.  

Өртті сөндіру барысында 3 өрт ошағы анықталды.  Өрт ошақтарының көлемі 30 га.

Өрт ошақтары сағат 16.35 оқшауланып, сағат 18.57-де сөндірілді .

Құрметті  Павлодар тұрғындары мен қонақтары өрттің қауіпсіздік ережелерін сақтауға кеңес береміз!

Табиғи өрт қаупін азайту  үшін өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау қажет:

- жанып тұрған сіріңке мен темекі тұқылын лақтыруға болмайды; - орман және дала аумақтарында от жағуға жол берілмейді;

- шыны ыдыстарды өзіңізбен бірге алу керек, өйткені шыныдан өткен күн сәулесі кепкен шөпке шоғырланып, өрт қоюы мүмкін;

- жанғыш қалдықтарды шығару және елді мекендердің аумағын тазарту, құрғақ өсімдіктерден тазарту және минералданған жолақтарды қалпына келтіру бойынша іс-шараларды жүргізуге;

- табиғи өрттер кезінде дереу өрт сөндіру бөліміне хабарлау қажет 101, 112 телефондары бойынша.

 

 

Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі