
2023 жылғы 2 мамыр күні сағат 15.29-да Астана қаласы ТЖД Өрт сөндіру бөлімшелері Хлудов көшесі, 1/1 мекенжайында жеке балабақша жанып жатқаны туралы келіп түскен хабарламаға шықты.
Елордалық өрт сөндірушілер өрт орнына жедел түрде 7 минутта келген бойда екі қабатты жеке балабақшаның шатыры жанып жатқанын анықтады. Өрт сөндірушілер дереу адамдарды іздеуге кірісті.
Әкімшілік өрт сөндірушілер келгенге дейін тәрбиешілері 26 баланы қауіпсіз жерге шығарды.
Елордалық өрт сөндірушілердің үйлесімді, кәсіби іс-қимылдарының арқасында өрт сағат 16.15-те жедел оқшауланып, сағат 16.25-те толығымен жойылды.
Өрттің алдын ала болжам бойынша ауданы 300 шаршы метрді құрады.
Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Өрт сөндіруге Астана қаласы ТЖД жеке құрамынан 40 адам және 13 бірлік техника жұмылдырылды.
Оқиға орнында ТЖМ және елордалық ТЖД басшылығы бар.
Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі