Бүгін сағат 13.01-де өрт сөндіру қызметіне Тайсойған көшесі, 10 мекенжайындағы жатақханада өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына келген кезде бірнеше бөлменің жанып жатқаны, өрттің төбе жабыны мен шатырға өткені анықталды.
Елордалық өрт сөндірушілердің жедел және үйлесімді әрекеттерінің арқасында жатақханадан мүгедек әйел құтқарылды, ол 103 медицина қызметкерлеріне табыс етілді. Алдын ала мәлімет бойынша әйел адам орташа дәрежелі көміртегі тотығымен уланған. Сонымен қатар өрт сөндірушілер өрт орнынан 4 газ баллонды алып шықты.
Өрт сағат 15.25-те жойылды. Қайтыс болғандар жоқ.
Өртті сөндіруге жеке құрамнан 23 адам және 5 бірлік техника жұмылдырылды.
Астана қаласының ТЖД азаматтарға өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға кеңес береді.
Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі