Министр тұрғын үй секторын газдандыру және алдағы жылыту кезеңіне дайындалу қажеттігіне назар аударды

Министр тұрғын үй секторын газдандыру және алдағы жылыту кезеңіне дайындалу қажеттігіне назар аударды

Соңғы жылдары елордада пешпен жылытудың газбен жылытуға көшуі белсенді түрде жүзеге асырылуда. Статистикаға сәйкес, орталық газбен жабдықтауға 8 мыңға жуық абонент немесе олардың жалпы санының 26% - ы қосылған. Бүгінгі күні бұл жеткіліксіз.

Осыған байланысты министр Ю. Ильин жергілікті атқарушы органдардың назарын тұрғын үй секторын газдандыру және алдағы жылыту кезеңіне дайындалу қажеттігіне аударды.

Барлық өңірлерде дерлік коммуналдық желілердің жоғары тозуына байланысты ауыр авариялар жиі орын алады.

Бүгінде қала аумағындағы 5 мыңнан астам тұрғын үй немесе 17%-ы авариядық жағдайда немесе тозығы жеткен, онда әдетте жылыту және электрмен жабдықтау жүйелері жарамсыз және өрттің туындау қаупін тудырады.

Бірінші тоқсанда өрттердің пайда болу себептеріне жүргізілген талдау электр жабдықтарын дұрыс орнатпау және техникалық пайдалану салдарынан өрт саны 26%-ға, тұрмыстық аспаптарды пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу себебінен 44% - ға өскенін көрсетеді.

Әкімдік тұрғын үй қорын кезең-кезеңімен жаңартып отырады. Мысалы, желтоқсан айында 5 авариялық жағдайдағы үй бұзылып, 2 «авариялық» үйдің тұрғындары көшірілді.

Дегенмен, тұрғын үй иелері мен жалға алушылар өздерінің қауіпсіздігіне және жайлы өмір сүру жағдайларын жасауға мүдделі болуы керек.

Осыған байланысты министр елорда тұрғындарына адам шығыны мен қаржылық шығындардың алдын алу үшін тиісті шараларды уақтылы қабылдау қажеттігі туралы айтты.

 

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі