27 сәуірде Шемонаиха ауданы Усть-Таловка кентінде Комсомольская көшесіндегі пәтерде өрт шықты. ШҚО ТЖД бөлімшелері келген кезде көппәтерлі үйдің 4-қабатында орналасқан 2 бөлмелі пәтерде ас үй мен жуынатын бөлмесінде жиһаз, жеке заттар жанып жатты. Ең алдымен, 28-ӨСБ газ-түтіннен қорғау қызметінің құрылған буыны 3 адамды құтқару маскаларының көмегімен құтқарып, 7 тұрғынды эвакуациялады. 28-ӨСБ қызметкерлері өртті 15 шаршы метр аумақта толығымен сөндірді.
Өртті сөндіруге барлығы 5 өрт сөндіруші мен ШҚО ТЖД 1 автоцистернасы және жергілікті атқарушы органдардың өрт сөндіру бекетінің 1 техникасы жұмылдырылды.
Өрттің алдын ала себебі – электр жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау.
ШҚО ТЖД халыққа өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды еске салады.
- Кез-келген электр құрылғысын қолданар алдында-нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз
- Электр сымдарындағы бұзушылықтарды дер кезінде жою
- Есіңізде болсын, егер сіз компьютерді, жылытқышты, шаңсорғышты бір розеткаға бірден қоссаңыз, онда жүктеме желі үшін ауыр болуы мүмкін
-Егер белгілі бір электр құрылғысын қосқан кезде жарықтандыру сәл күңгірт болса, бұл желінің шамадан тыс жүктелгендігінің сенімді белгісі. Бұл өрттің хабаршысы. Өрт кезінде 101 немесе 112 нөміріне хабарлаңыз.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі