Қостанайда бір жасар бала 3-ші қабаттың терезесінен құлап, бағымызға орай тірі қалды. Оқиға а.ж. 25 сәуір күні кешке сағат 19:50-де Чехов көшесінде 5 қабатты тұрғын үйде болған.
Бала ересектердің қарауынсыз қалып, ашық тұрған терезеге мініп, сыртқа құлап кеткен.
Сәби қалалық балалар ауруханасының реанимациясына шұғыл түрде жатқызылды. Дәрігерлер жабық бас миының жарақаты, жағдайы ауыр деген диагноз қойды.
Қостанай облысының ТЖД кезекті рет ата-аналарды балаларды қараусыз қалдырмауға шақырады. Қауіпсіздік мақсатында терезелерге торлар немесе блокаторлар орнатыңыз. Есіңізде болсын! Москит торлары-баланы құлаудан құтқаратын қорғаныш емес!
Қостанай облысы ТЖД
Қоғаммен байланыс тобы