
2023 жылғы 23 сәуірде сағат 16.28-де Алматы облысы ТЖД кезекші бөлімінің пультіне «Алматы-ҮАК» автожолынан алты км жерде «Алма Арасан» шатқалында таулы жерде құрғақ шөп пен ағаштардың жанғаны туралы хабарлама келіп түсті. Шақырту орнына Алматы облысы ТЖД, Алматы қаласы ТЖД, «Іле Алатау табиғи паркі» МҰТП күштері мен құралдары жіберілді. Оқиға орнына сағат 17.09 - да келгеннен кейін таулы жерде құрғақ шөп пен бір ағаштың (шыршаның) жанғаны анықталды. Аумақтың кімге тиесілі екені анықталуда. Бірлескен жедел қабылданған іс-қимылдармен өрт сағат 18.16-да ерте кезеңде сөндірілді. Өрттің аумағы шамамен 500 шаршы метрді құрады. Дрон камерасында тепловизорды пайдалана отырып, жасырын жану ошақтарының бар-жоғына аэровизуалды тексеру жүргізілді.
Өртті сөндіруге барлығы 75 адам және 18 техника, оның ішінде: Алматы облысы ТЖД 31 қызметкер, 7 бірлік техника мен 1 пилотсыз ұшу аппараты, Алматы қаласы ТЖД 25 қызметкер мен 6 бірлік техника, «Іле Алатау табиғи паркі» МҰТП 19 қызметкер мен 5 бірлік техника жұмылдырылды.
Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Мемлекеттік ұлттық табиғи парктің қызметкерлері жану орнында қарауылдау жұмыстарын жүргізуде.
Алматы облысы ТЖД азаматтарға өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтауға кеңе береді.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі