2023 жылғы 16 сәуір күні сағат 18:15-те 112 құтқару қызметіне ауа райының қолайсыздығына байланысты Әйтеке би ауданы Толыбай ауылынан Жабасақ ауылы бағытына қарай мал іздеп шыққан тұрғынның хабарсыз кеткені туралы хабарлама келіп түсті.
Ауданда аталған күндері дауылды ескерту жарияланған. Дауылды ескертулерге қарамастан ер адам жоғалған малын іздеуге шыққан.
Іздестіру құтқару жұмыстарына аудандық ТЖБ қызметкерлері, полиция бөлімі және жергілікті тұрғындар жұмылдырылды.
Іздестіру құтқару жұмыстары 3 күнге созылды.
Іздестіру құтқару жұмыстары нәтижесінде жоғалған азаматты құтқарушылар 18 сәуір күні сағат 10:45-те Ақсу қыстағының маңынан 5 км қашықтықта тапты. Құтқарушылар 35 жастағы ер адамды Толыбай ауылына жеткізді. Құтқарылған адамның жағдайы тұрақты, медицина қызметкерлерінің бақылауында.
Құтқарушылар ауа-райының өзгеруін бақылап, дауылды ескерту хабарламаларын ескеріп, ауа райының қолайсыздығына байланысты сақтық шараларын сақтауға кеңес береді.
Ақтөбе облысы ТЖД баспасөз қызметі