
2023 жылғы 18 сәуірде сағат 19:10-да Алматы қаласы ТЖД күштері мен құралдары жоғары дәрежедегі шақырту бойынша: Түрксіб ауданы, Қайрат шағынауданы., Құлжа трактісі, 181 Жетісу базары мекенжайына жіберілді
Қарбалас уақытта қаладан қайтып келе жатқан көліктер кептелісі өрт сөндіру техникасының жетуіне кедергі келтірсе де, өрт сөндірушілер оқиға орнына дер кезінде сағат 19:19- да жетті.
Оқиға орнына жеткен сәтте 4 контейнердің жанып жатқаны анықталды. Дереу өртті сөндіруге және көрші контейнерлерін өрттен сақтап қалуға оқпандар енгізіліп, автоцистерналар гидранттарға орнатылып, үздіксіз су беру қамтамасыз етілді.
Өртті сөндіру жұмыстары бейнебақылау жүйесінің камералары арқылы бақылауда болды.
Жергілікті жерде жедел штаб, өртті сөндірудің екі учаскесі құрылып, өрт ошақтарын анықтау үшін өрт сөндірушілер контейнерлерді арнайы құралдармен ашты.
Қабылданған жедел шаралармен, өрт жарты сағат ішінде , яғни 19.50-де ауыздықталып, сағат 20.01–де 120 шаршы метр аумақта толығымен сөндірілді. Өрт сөндірушілер мыңнан астам шаршы метр қамтитын көршілес материалдық құндылықтарға толы контейнерлерді өрттен аман алып қалды.
Алматы қаласы ТЖД азаматтар мен кәсіпкерлерге өрт қауіпсіздік қағидаларын сақтауға кеңес береді.
Алмат қ.ТЖД баспасөз қызметі