Құтқарушылар далада екі шопанды тауып, жолда алты ауыл тұрғынын құтқарды

Құтқарушылар далада екі шопанды тауып, жолда алты ауыл тұрғынын құтқарды

2023 жылғы 17 сәуірде құтқарушылар «Нива» автокөлігімен жол шетінде қалып қойған ауыл тұрғындарына көмектесті. Оқиға Қостанай облысы Амангелді ауданындағы далада жол үстінде болды. Бұл өңірде қалың қар түсіп, ауылдар арасындағы қозғалысты едәуір қиындатты.

Қарасу ауылының тұрғындары Махат ауылынан бірнеше шақырым жерде орналасқан дала тұрағына бет алды. Олар жұмысшыларға азық-түлік апарған еді. Сағат 05:45-те көлік қарлы боранда қалып қойды. Оларға көмекке Қарасу ауылынан жүк тиегіш шықты, ол да көп ұзамай қарда қалып қойды.

Кейін сағат 06:05-те Амангелді ауылының 26-ӨСБ қызметкерлері көмек туралы сигнал алып, жолаушыларға көмек көрсету үшін Махат ауылына барды.

Құтқарушылар Махаттан 8 шақырым жерде жолаушылары бар "Нива" автокөлігін көріп, арқанның көмегімен көлікті жолдың қауіпсіз бөлігіне сүйреп шығарды.

Сағат 09:45-те құтқарылған 6 азамат Махат ауылына аман-есен жеткізілді.

Бұған дейін 16 сәуірде сағат 21:30-да Амангелді ауданы ТЖ бөлімінің қызметкерлері НИВА-БРОНТО жол талғамайтын көлігімен 2 шопан іздеді.

Іздеу жұмыстары сәтті аяқталды. 2023 жылғы 17 сәуір күні сағат 01:30-да шопандар қыстаққа жеткізілді, оларға медициналық көмек қажет болмады.

Қостанай облысының ТЖД тұрғындарды қолайсыз метеожағдайларда сақ болуға кеңес береді. Дауыл туралы ескертулер туралы СМС-хабарламаларды назардан тыс қалдырмаңыз!

 

Қостанай облысы ТЖД
Қоғаммен байланыс тобы