Жамбыл облысының өрт сөндіруші-құтқарушылары өрттер мен түрлі сипаттағы төтенше жағдайларды дер кезінде жойды

Жамбыл облысының өрт сөндіруші-құтқарушылары өрттер мен түрлі сипаттағы төтенше жағдайларды дер кезінде жойды

2023 жыдың 12 сәуірінде сағат 20.04-те Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Күштер мен құралдарды жедел басқару орталығының «101» телефон нөміріне Тараз қаласы, Мамбет батыр көшесінде орналасқан  дөңгелек сататын қойманың өртке оранғандығы жөнінде хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің, сондай-ақ Апаттар медицинасы орталығының жеке құрамынан 21 адам мен 5 бірлік автотехника жұмылдырылды. Өрт сөндіруші-құтқарушылар өртті 28 минутта толық жойды. Өрттің ауданы  60 шаршы метрді құрады. Өрт салдарынын дөңгелек сататын бір қойма жойылып, екінші қойма және жанында орналасқан дөңгелек желімдеу бөлімі зақымдалды. Дегенмен кәсіби тұрғыда жедел әрекет атқарған өрт сөндірушілер тілсіз жаудың өзге аумаққа таралуына жол бермеді. Аталған өрт оқиғасы салдарынан зардап шеккендер мен қаза болғандар тіркелген жоқ. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі мен келтірілген материалдық щығыны анықталуда.  

Сондай-ақ дәл осы күні, сағат 18.20-да Жуалы ауданы, Бәйтерек ауылындағы тұрғын үйдің маңында орналасқан темір контейнер және пішен сарай өртке оранды. Өрттің ауданы 60 шаршы метрді құрады. Өрт салдарынан 150 түк (2т) пішен шөп және темір дүңгіршек зақымдалды. Өрт сөндірушілер қызыл жалынды 25 минутта жойды.

Сонымен қатар, сағат 18.30-да Тараз қаласында орналасқан тұрғын үйдің ас бөлмесі өртке оранғандығы жөнінде шақыру келіп түсті. Өрттің ауданы 15 шаршы метрді құрады. Өрт салдарынан ас бөлмесінің төбе қаптаулары, тұрмыстық заттар және  терезесі зақымдалды. Өрт сөндірушілер өрттің одан әрі таралуының алдын алып, өртті 19 минутта жойды.

20.57-де Тараз қаласында орналасқан шағын бес бөлмелі тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Өрттің ауданы 50 шаршы метрді құрады. Өрт салдарынан екі бөлменің шатыры мен тұрмыстық заттары жойылды. Өрт сөндірушілер өртті 28 минут ішінде жойды.

Бұдан басқа облыс өрт сөндіруші-құтқарушылары авариялық-құтқару жұмыстарына, есік ашу жұмыстарына және қоқыстың жану оқиғаларына шыққан.

Осыған орай Жамбыл облысы ТЖ департаменті облыс және қала тұрғындары мен қонақтарына үйден шығарда газ және электр құралдарын қуат көзінен ажыратуды естен шығармай, мүмкіндігінше қарттар мен балаларды үйде қараусыз қалдырмауды сұрайды. Ал балалардың отпен ойнауының соңы орны толмас өкінішке алып келетіндігін көпшілік білуі тиіс. Сондай-ақ ауа-райының қолайсыз жағдайында шалғайға немесе белгісіз аумаққа түрлі себептермен жолға шығуды кейінге қалдырған жөн екендігін ескертеді. Өрт немесе төтенше жағдай туындаған жағдайда «101» және «112» телефон нөмірлеріне қоңырау шалудың ақысыз негізде жүзеге асырылатындығын еске салады. Өз қауіпсіздігіміз өз қолымызда екенін ұмытпайық! 

 

Жамбыл облысы ТЖД ӨжАҚЖҚ 

Қоғаммен байланыс тобы