
Қайырымдылық акциясы аясында Жетісу ауданының Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
ТЖД қызметкерлері өрт қауіпсіздігі акциясын ұйымдастырды: күн батқаннан кейін жолда қалғандардың барлығына, тамақ қабылдау уақыты келгенде құтқарушылар ТЖД ақпараттық ресурсына өту үшін QR код жазылған бөтелкедегі су мен мен құрма таратты, сол арқылы барлық ниет білдірушілер өрттің және басқа да ТЖ алдын алу бойынша ақпарат таба алады.
Естеріңізге сала кетейік, қысқаша QR code, жедел әрекет ету коды — матрицалық штрих-кодтардың түрі - құтқарушылар ТЖ желісі бойынша халықты ақпараттандыру үшін қолданатын алдын алу әдістерінің бірі.
Біздің жағдайда - бұл ТЖД инстаграмына сілтеме . Жазылушы адамдар бұрын жарияланған ақпаратты, жер сілкінісі, өрт және басқа да төтенше жағдайлар туралы әртүрлі ақпаратты оқып, көре алады.
Алматылықтар ризашылықтарын білдіріп, бата берді, өз кезегінде ТЖ инспекторлары смартфон камерасын осы кодқа бағыттап, ТЖД инстаграмы Almaty_tjd кіру қажеттігін айтып берді.
Бір күнде қызметкерлер 10 орамға жуық су мен құрма таратып, 120-дан астам адам өрт қауіпсіздігі ережелерімен танысты. Бұл акция жалғасын табатын болады.
Алматы қ. ТЖД баспасөз қызметі