Екі өңірдің құтқарушылары құрғақ шөп өртін сөндірді

Екі өңірдің құтқарушылары құрғақ шөп өртін сөндірді

Бүгін, 2023 жылғы 10 сәуірде Целиноград аудандық «101» пультіне Қосшы қаласының шет жағында құрғақ шөп өртенгені  туралы телефон хабарламасы келіп түсті

Айта кету керек, тұрғын үйлерге қауіп төнген жоқ. Өртті сөндіруге Ақмола облысы ТЖ департаменті күштерінің жеке құрамынан 4 адам және 1бірлік техника, Астана қаласы ТЖ департаменті күштерінің жеке құрамынан 5 адам және 1 бірлік техника, жергілікті атқарушы органдар жанындағы өрт сөндіру бекетінен 2 жұмысшы және 1 бірлік техника жұмылдырылды. Өрт сағат 16.50-де сөндірілді. Жарақат алғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті отты сөндірусіз қалдырмау, жанып тұрған темекі тұқылдары мен сіріңкелерді тастамау, қылқан жапырақты және жас ағаш түбінде от жақпау, шыны және тез тұтанатын заттарды тастамау қажеттігін еске салады. Өрт анықталған жағдайда «101» немесе «112» нөмірлеріне қоңырау шалу қажет. Өзіңізге және жақындарыңызға қамқор болыңыз!

 

 

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі