ШҚО құтқарушылары көктемгі мұздың қаншалықты қауіпті екенін айтты

ШҚО құтқарушылары көктемгі мұздың қаншалықты қауіпті екенін айтты

Көктемде мұз жұқа әрі өте қауіпті болады. Құтқарушылар мұзға шығу өмірге қауіпті екенін ескертеді. "Су айдындарындағы мұз өте жұқа. Қоршаған орта температурасы біртіндеп жоғарылаған сайын мұз әлсіз. Балықшылар қырағылық танытып, құтқарушылардың ұсыныстарын орындау керек. Ата-аналар балаларымен түсіндірме әңгімелерге назар аударуы керек. Олар үшін су айдындары тек осы мезгілде ғана емес, кез келген уақытта да қауіпті", - деп атап өтті ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Арман Тоқанов.

Қыста облыс құтқарушылары еріктілерді тарта отырып, 589 профилактикалық рейдтік іс-шара өткізді. Балықшылармен нұсқаулықтар өткізіліп, қауіпсіздік шаралары бойынша 43260 үгіт-насихат жадынамаларын табыс етті.

Рейдтер барысында ШҚО ТЖД қызметкерлері кез келген уақытта бір-біріне көмекке келуі үшін біреумен баруы тиіс, ешбір жағдайда жалғыз балық аулауға бармау керектігін еске салады. Сізде жеке құтқару құралдары болуы керек:  шамамен 15 метрлік арқан, құтқару кеудешесі, ал көктемде құтқарушылардың ұсыныстарын орындау  және мұзға мүлдем шықпаған дұрыс.

ШҚО ТЖД мұз астына түскен адамға көмек көрсету кезінде оған жақындауға болмайтынын еске салады. Қолыңызда ұзын таяқша, тақта, арқан немесе басқа заттар болғаны абзал– оларды көмек көрсету үшін пайдалану керек. Егер қолыңызда ештеңе болмаса, онда сіз импровизацияланған құралдарын – белбеу, шарф, куртканы пайдалануыңыз керек. Бірақ көмек көрсету үшін қосалқы заттар жоқ жағдайлар болуы мүмкін. Бұл жағдайда бірнеше адам мұзға жатып, жәбірленушіге қарай тізбектеліп, бір-бірін аяғынан ұстап тұрады, ал біріншісі жәбірленушіге белдік, арқан және т. б. береді.

Адам үшін мұзда қауіпсіз болуының негізгі шарты: мұздың қалыңдығының берілген жүктемеге сәйкестігі:
- бір адамға арналған мұздың қауіпсіз қалыңдығы - кемінде 7 см;
- жаяу өткел салу үшін мұздың қауіпсіз қалыңдығы - 15 см және одан да көп;
– көліктердің өтуі, бұқаралық спорттық және мерекелік іс-шараларды ұйымдастыру үшін мұздың қауіпсіз қалыңдығы-30 см және одан артық болуы тиіс.

 Төтенше жағдай кезінде 112 нөмірі бойынша хабарлаңыз.

Анықтама үшін: өңірде балық аулау кезінде су айдындарында, оның ішінде Көктем-Жаз кезеңінде 2021 жылы - 4 адам суға батып кетті, 2022 жылы -1, 2023 жылы әзірге жағдай тіркелген жоқ.

 Шығыс Қазақстан облысы ТЖД баспасөз қызметі