Жыл басынан бері өрттен 308 адам құтқарылды

Жыл басынан бері өрттен 308 адам құтқарылды

Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында ТЖМ өрт сөндіру бөлімшелері өртке 2 493 рет және авариялық-құтқару жұмыстарына 2 452 рет шықты.

Ағымдағы жылдың 3 айында өрттен 308 адам, авариялық-құтқару жұмыстарында 2 028 адам құтқарылды, өрттен 2 555 адам және авариялық-құтқару жұмыстарында 1 388 адам эвакуацияланды.

Пайда болу себептері бойынша өрттердің негізгі үлесі электр жабдықтарын монтаждау және пайдалану ережелерін бұзуға 47%, пештерді орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзуға 22%, отпен абайсызда жұмыс істеуге 12% келеді.

Өрттер саны Ұлытау облысында 62,5%-ға, Қостанай облысында

52,5%-ға, Жамбыл облысында 48,6%-ға, БҚО-да 42,5%-ға, Атырау

облысында 41,2% -ға артқан.

Республика бойынша өрттердің негізгі үлесі Қостанай облысына - 8%, Астана қаласына - 7,8%, Алматы облысына – 7,8%.

Өрттің негізгі себептеріне мыналар жатады:

- тұрмыстық аспаптарды сауатсыз пайдалану немесе ақау болған жағдайда оларды қолдану;

- бір уақытта бірнеше электр аспаптарын қолдану, бұл электр желісінің шамадан тыс жүктелуіне әкеледі, электр аспаптарын назардан тыс қалдыруға және олардың қызып кетуіне жол бермеу керек;

- тұрмыстық газды пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларын сақтамау;

- рұқсат етілмеген жерлерде от жағу және темекі шегу;

- жанғыш заттарды дұрыс қолданбау,

- балалардың сіріңкемен ойнауы;

- қасақана өртеу.

Күнделікті өмірде өрттің алдын алу - бұл күнделікті өмірде отпен мұқият жұмыс жасау.

Көбінесе балалардың білмеуі мен абайсыз болуы қайғылы салдарға әкеледі, сондықтан бала жасынан бастап өрттің алдын алу өте маңызды. Дәл осы өмір кезеңінде алдын-алу негіздері құрылуы керек.

Өрттің алдын алу мақсатында қызметкерлерге де өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін үйрету және білімдерін жүйелі түрде тексеру, сондай-ақ өртті сөндіру дағдыларын пысықтау қажет.

Үй-жайлар өрт сөндіргіштермен және өрт мүкәммалымен жабдықталуы тиіс. Сондай-ақ өрт дабылын орнату және қызметкерлерді ғимараттардан шұғыл эвакуациялау үшін жағдай жасау ұсынылады.

Әрбір ұйымда темекі шегуге арналған арнайы орындар жабдықталуы, үй-жайларды шаң мен жанғыш қалдықтардан тазарту, еңбек күнінен кейін электр жабдықтарын токтан ажырату тәртібі белгіленуі тиіс.

Күнделікті өмірдегі өрттер материалдық және адам шығынына әкеледі. Сондықтан, алдын алу шараларынан басқа, әр адам өрттің негізгі себептерін біліп, үй-жайларда және табиғатта сақтық шараларын сақтауы керек. Тек жалпы күш-жігермен біз отты  жеңе аламыз.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі