Карамырза ауылының тұрғындары үйлеріне оралды

Карамырза ауылының тұрғындары үйлеріне оралды

Қазіргі уақытта Қарамырза ауылында еріген қар суы барлық 35 үй мен аула аумағынан кетті. Барлық эвакуацияланған ауыл тұрғындары өз үйлеріне оралды.

ТЖД күштері мен құралдары Қостанай қаласындағы тұрақты орналасу орнына қайтарылады.

Ауылда су тасқыны қаупі толығымен жойылды.

 

 

Қостанай облысы ТЖД

баспасөз қызметі