2023 жылы Жамбыл облысының аумағында барлығы 156 өрт оқиғасы тіркелді. Оның 37% - ы автокөліктегі өрттерге тиесілі. Олар жеңіл автокөліктерде , жүк көліктерінде және жолаушылар автобусында орын алған жағдайлар. Мұндай өрттердің негізгі себептері -электр жабдықтарын монтаждау және техникалық пайдалану ережелерінің бұзылу салдарынан орын алуда.
Автокөліктегі өрттен келтірілген залал 16 млн.750 мың теңгені құрады.
Облыста халықпен тұрақты профилактикалық жұмыстар ұйымдастырылып, сондай-ақ түрлі мекемелер мен ұйымдарда тактикалық-арнайы оқу-жаттығулар мен сабақтар жүргізілуде.
Осының айғағы іспетті, жуықта №91678 әскери бөлімінің техника паркіндегі автокөліктер өртенді деген болжам бойынша өрт тактикалық сабақ өткізілді. Автокөліктерді оталдыру кезінде, қозғалтқыш отсегінен токтың қысқаша тұйықталуынан өрт пайда болған. Одан әрі жалын өршіген. Автокөліктің шанақ темірлері қызып, өрт автокөлік салонына тарай бастайды. Өрттің жоғарғы жылдамдықтағы жалынмен көршілес тұрған автокөліктерге таралу қаупі пайда болады. Болжамды өртті сөндіруге Жуалы аудандық №7 ӨСБ-нен 1 бірлік өрт сөндіру көлігі және №91678 әскери бөлімінен 1 бірлік өрт сөндіру көлігі, сонымен қатар 1 лафетті оқпаны және қорғау шаралары үшін - 2 «Б» оқпаны қолданылды. Жаттығу соңында жеке құраммен жауынгерлік әрекеттері және №91678 әскери бөлімінің қызметкерлерінің техника қауіпсіздігі шараларын сақтау әрекеттері талқыланып, жалпылай алғанда жақсы деген баға берілді.
Естеріңізге сала кетейік, автокөлік құралдарының өртке қарсы жағдайын жақсарту және ондағы өрттердің алдын алу мақсатында, техникалық тексеру жүргізу барысында келесі мәселелерге аса назар аударуды ұсынамыз:
Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметі