Ақмола облысының Жабай және Жыланды өзендерінде мұз жару жұмыстары жүргізілді

Ақмола облысының Жабай және Жыланды өзендерінде мұз жару жұмыстары жүргізілді

Атбасар ауданында, Жабай және Жыланды өзендерінің мұз өткелдерінде кептелістерді жою бойынша мұз жару жұмыстарының екінші кезеңі өтті. Мұзды жару жұмыстары мұзды босатуға және жергілікті тұрғындар үшін көктемгі су тасқынын қауіпсіз өткізуге көмектеседі.
Айта кетейік, облыс аумағында су тасқынының екінші кезеңінің алдын алу мақсатында ағымдағы жылдың 10-16 наурызы аралығында Атбасар, Целиноград, Аршалы, Сандықтау, Ерейментау, Астрахан, Есіл, Шортанды, Бұланды, Қорғалжын аудандарында жалпы ауданы 23,6 мың м2 мұз қабатын әлсірету бойынша жұмыстар жүргізілді.

Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 30 наурызы мен 1 сәуірі аралығында Ерейментау, Шортанды және Астрахан аудандарында мұз кептелістерін жою бойынша жарылыс жұмыстарының екінші кезеңі өткізілді.


Жалпы, облыс аумағындағы су тасқыны жағдайы облыстық және өңірлік су тасқынына қарсы штабтардың тәулік бойы бақылауында.


Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі