Қарасу ауданындағы су тасқынына қарсы күрес жалғасуда

Қарасу ауданындағы су тасқынына қарсы күрес жалғасуда

Карамырза ауылында су тасқынына қарсы іс-шаралар жалғасуда. Тімтуір өзенінің деңгейін және еріген қар суын бақылайтын 2 бекет  қойылды. Жергілікті атқарушы органдары департамент қызметкерлерімен және ауыл тұрғындарымен бірлесіп инертті материал салынған қаптарды дайындауда. Аулаларды аралау және халықпен профилактикалық әңгімесу ұйымдастырылды.

Өткен тәулікте Қарасу ауданындағы Тімтуір өзенінде судың деңгейі 23 см-ге көтерілді, 6-7 сағат ішінде Қарамырза ауылына су кірді. Сағат 24:00-де  су деңгейі көтеріліп, тұрғын үйлер мен аула аумақтары су басты. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Құтқарушылар халықты су басу аймағынан алдын ала эвакуациялады. Өз еркімен көрші көшелерде тұратын 23 адам туыстарының үйлеріне орналастырылды.

Жұмыстарға ТЖД күштері мен құралдарынан 25 адам мен 6 бірлік техника, 3 бірлік жүзу құралы және 14 мотопомпа жұмылдырылды.

Су тасқыны жағдайы бақылауда.

Бұл ретте, жедел іс-қимылдардың арқасында  2023 жылғы 4 сәуірде кешке Железнодорожное ауылында екі пәтерлі 6 үйдегі еріген қар суы сорылды. 33 тұрғын өз үйлеріне оралды, үй-жайларды желдету және кептіру жұмыстары жүргізілуде.

Сағат 23.00-де тұрғын үйлердің жертөлелерінен су сору айдау жұмыстары аяқталды, жалпы 5 мың текше метр көлемінде су сорылды.

Өткен тәулікте жалпы 53 мыңнан  астам текше метр су сорылды, 400 дана инертті материал салынған қап төселді.

Халыққа тұщы су беруді қалпына келтіру үшін Железнодорожное ауылының сорғы станциясынан су сору жұмыстары жалғасуда.

 

 

Қостанай облысы ТЖД

Қоғаммен байланыс тобы