Елордалық жедел-құтқару жасағы ТЖ орнына 302 рет шығып, 45 адамды, оның ішінде 17 баланы құтқарды

Елордалық жедел-құтқару жасағы ТЖ орнына 302 рет шығып,  45 адамды, оның ішінде 17 баланы құтқарды

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттар тобы елордалық ТЖД жедел-құтқару жасағына барды.

ТЖД бастығы генерал-майор Қ. Базарбаев депутаттарды қызметкерлердің жұмысымен, бар проблемалық мәселелерді көрсете отырып, құтқару бөлімшесінің жабдықталуымен таныстырып, жеке құраммен әңгімелесу өткізді.

Бүгінгі таңда Астана қаласындағы жедел-құтқару жасағының штат саны 74 адамды құрайды. Өз қызметінде құтқарушылар табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар аймағында авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу бойынша міндеттерді орындайды. Жасақтың жарағында 15 бірлік техника, 25 бірлік жүзу жабдығы, 147 түрлі апаттық-құтқару құралдары бар.

Ағымдағы жылдың басынан бастап жедел-құтқару жасағы ТЖ орнына 302 жедел шығып, оның барысында 45 адамды, оның ішінде 17 баланы құтқарды.

 

Астана қ. ТЖД баспасөз қызметі