Қамыс өртін сөндіру жалғасуда

Қамыс өртін сөндіру жалғасуда

Каспий теңізі жағалауындағы қамыс өртін  жою үшін Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары, жергілікті атқарушы органдардың  және «АқЖайық» табиғи мемлекеттік резерватының қызметкерлерімен бірлесіп үш күн бойы жалынмен күрес жүргізуде.

2 сәуірден бастап бүгінгі күнге дейін 80-нен астам гектар өрт сөндірілді (өрттің жалпы ауданы 89,5 га құрайды).

Айта кету керек, өртті сөндіру жұмыстары аралас тәсілмен жүзеге асырылуда. Мәселен, жергілікті жердің сулы-батпақты болуына байланысты өрт сөндіру техникасы өрт ошағына жете алмағандықтан, сөндіру жұмыстары жаяу тәртіппен хлопушкалардың, аспалы өрт сөндіргіштердің көмегімен жүргізілуде. Жолы бар басқа учаскелерде тиісті өрт сөндіру техникасы жұмылдырылуда. 

2023 жылғы 4 сәуірде сағат 17.00-ден бастап өртті сөндіруге «Қазавиақұтқару» АҚ-ның су ағызу құрылғысы бар МИ-8 тікұшағы жұмылдырылды.

Қазіргі уақытта негізгі өрт ошақтарына әуеден 14 рет, жалпы көлемі 70 тонна  су төгілді.

Қазіргі уақытта сөндірілмеген аумақ шамамен 4 га құрайды.

Қамыс өртін сөндіруге барлығы 70-тен астам адам және 20-ға жуық бірлік әртүрлі  техника жұмылдырылған.

Облыс аумағындағы өрт жағдайының мониторингі ерекше бақылауда.

Атырау облысы ТЖД азаматтарға өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтауға кеңес береді.

 

Атырау облысы ТЖД

бяяаспасөз қызметі