Қостанай облысының Карамырза ауылында су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізу жалғасуда

Қостанай облысының Карамырза ауылында су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізу жалғасуда

4 сәуірде таңертең қарқынды еруі салдарынан Қарасу ауданындағы Тімтуір өзені арнасынан асты.

552 адам тұратын ауыл тұрғындарына су тасқыны қаупі туралы алдын ала хабарланды.

Авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізу барысында су басу аймағынан 15 адам эвакуацияланды, олар туыстарының үйлеріне орналастырылды, ірі және ұсақ мал қауіпсіз жерлерге айдалды

Тімтуір өзеніне жақын жерде тұратын халық арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Ауыл әкімдігінің ғимаратында аудан әкімінің басшылығымен жедел штаб құрылды. Департамент қызметкерлері қажет болған жағдайда халыққа, оның ішінде психологиялық көмек көрсету үшін аулаларды аралау жұмыстарын ұйымдастырды. ТЖ департаментінде жедел желі телефоны ашылды: 8 714 2 50 36 24.

Оқиға орнындағы жұмыстарға ТЖД, жергілікті атқарушы органдардың және полицияның күштері мен құралдарынан 36 адам және жүзу құралдарын, мотопомпаларды, дронды қоса алғанда 31 бірлік техника жұмылдырылды.

Қазіргі уақытта жағдай бақылауда.

 

Қостанай облысы ТЖД

Қоғаммен байланыс тобы