Алматы облысы Балқаш ауданының Желтораңғы ауылдық округіндегі өрт туралы ақпарат

Алматы облысы Балқаш ауданының Желтораңғы ауылдық округіндегі өрт туралы ақпарат

2023 жылғы 3 сәуір күні сағат 15.50-де Алматы облысы ТЖД кезекші бөліміне Балқаш ауданының Желтораңғы ауылдық округінде қамыс, бұталар және ағаштар жанып жатқаны, өрттің алдын ала аумағы 20 Га құрайтыны туралы хабарлама түсті.

Оқиға орнына ТЖ департаментінің күштері мен құралдары дереу жіберілді.

Өртті сөндіру жұмыстары оның қайта жануына жол бермеу үшін жекелеген жану ошақтарына су төгу, сондай-ақ өртке қарсы от қою арқылы жүзеге асырылды. Өртті сөндіру  жұмыстарын қатты екпінді жел қиындатты.

Қабылданған шаралардың арқасында бір учаскедегі өрт сағат 21-30-да сөндірілді, елді мекенге қауіп жоқ. Шамамен 5 га құрайтын қалған өрт ошақтарын сөндіру жұмыстары күн батқанға дейін жалғасты. Түнде өрттің таралу қаупін болдырмау мақсатында елді мекен жағынан қарауылдау жұмыстары жүргізілді.

2023 жылғы 4 сәуір күні сағат 7.50-де жану орындарына аралау, сондай-ақ дронды қолдану арқылы аэровизуалды тексеру жүргізілді, ашық жану ошақтары анықталмады. Департамент қызметкерлері қарапайым құрал-жабдықтар, аспалы өрт сөндіргіштер мен хлопушкаларды қолдана отырып, жекелеген ұсақ жану ошақтарын сөндіру жұмыстарын жүргізді. Дронға орнатылған тепловизордың көмегімен жер астындағы бықсу учаскелері анықталды, ол жердерде шеңбер бойымен қазу және су төгу жұмыстары жүргізілді. Сағат 11.30-да өрт сөндірілді.

Өрттің нақты ауданын және келтірілген материалдық залалды жергілікті атқарушы органдары мен орман шаруашылығы қызметкерлерінен құрылған арнайы комиссия белгілейтін болады.

Өртті сөндіру жұмыстарына ТЖ департаментіннен, жергілікті атқарушы органдардан, Құрты және Балқаш орман шаруашылықтарынан 88 қызметкер және жүзу құралы мен мотопомпаларды қоса алғанда 24 бірлік техника жұмылдырылды.

Алматы облысы ТЖД азаматтарға өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтауға кеңес береді.

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі