Қостанайлық құтқарушылар Железнодорожное ауылындағы су тасқынының салдарын жою жұмыстарын жүргізуде

Қостанайлық құтқарушылар Железнодорожное ауылындағы су тасқынының салдарын жою жұмыстарын жүргізуде

Қостанай облысының жергілікті атқарушы органдары және ТЖД күштері мен құралдары Железнодорожное ауылындағы ойпат жерде орналасқан екі пәтерлі алты үйге кірген еріген  қар суы салдарын жою жұмыстарын жүргізуде. Қардың қарқынды еруі салдарынан Тімтуір өзені арнасынан асты.

Осы үйлердің тұрғындары 30-дан астам адам алдын ала эвакуацияланды. Қазіргі уақытта олар туыстарының үйлеріне орналастырылды. Құлақтандыру, малды алдын ала қауіпсіз аймаққа айдау жұмыстары жүргізілді.

Жедел жұмыстарға жергілікті атқарушы органдар мен құтқару бөлімшелерінен 15 бірлік техника және 30 адам жұмылдырылды. Жұмылдырылыған күштер мен құралдар қатты ағынға төтеп бере алмай жатқан су өткізу құбырларын құйылып жатқан  еріген қар суын сору жұмыстарын жүргізуде.  

 Қазіргі уақытта жағдай тұрақты, өзенде судың көтерілуі байқалмайды, тәулік бойы кезекшілік және мониторинг ұйымдастырылды.

 

 

Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметі